Nur Otan тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жақсартады
Nur Otan тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жақсартады
138
оқылды

Түпқараған аудандық мәслихат депутатына кандидаттар Гауһар Шамқұлова мен Қуанышбек Сабанов және үміткерлердің сенімді өкілдері Советхан Болжабаев, Дамира Смайлова аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ұжымымен кездесті. Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты бағдарламасын түсіндірді. 10 қаңтарда өтетін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына белсенді қатысуға шақырды.

Түпқараған аудандық сайлауалды бағдарламада аудан тұрғындары жайлы өмір сүруі үшін халықты су бұрумен, жылумен, электрмен жабдықтаумен қамтамасыз ету және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін шешетін болады. 2021-2023 жылдары «ҚазТрансГазАймақ» инвест жобасы аясында Ақшұқыр ауылынан 1 241 учаскеге, Сайын Шапағатов ауылдық округінен 1 310 учаскеге, Таушық ауылынан 405 учаскеге газ құбыры жүргізіледі. 2024 жылы Форт-Шевченко қаласынан кәріз желісі, 2025 жылы Ақшұқыр және Сайын Шапағатов селолық округінен қатты қалдықтарды жинақтау және өңдеу полигонының құрылысы салынады. Жылына 300 тұрмыстық қатты қалдықтарды салатын контейнерлер орнатылып, 5 жылда аудан бойынша жаңадан салынған тұрғын үйлердің 100% толық интернет желісімен қамтылады. Дәл осындай жұмыстармен танысқан қазметкерлер партияға қолдау танытатындықтарын жеткізіп, сұрақтарына жауап алып, алдағы сайлауда Nur Otan партиясы жеңіске жетсін деген тілектерін жеткізді.

Nur Otan партиясының Түпқараған аудандық сайлау қоры қаражатынан толенді.