Оралда 37 жастағы әйел күйеуін пышақтап өлтірді
Оралда 37 жастағы әйел күйеуін пышақтап өлтірді
Орал тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірді деп хабарлайды, - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 28 желтоқсан күні сағат түнгі сағат екілер шамасында Орал қаласының Кердері көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. 37 жастағы әйел өзінің азаматтық некедегі күйеуімен жанжалдасып қалған. Жанжал барысында әйел ер адамның кеудесіне пышақ салған. Зардап шегуші ауыр жарақат салдарынан жедел жәрдем келгенше  тіл тартпай кетіпті. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.
"Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлімі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.