Көктайғақтың кесірінен 20-ға жуық көлік бір мезетте жол апатына ұшырады (видео)
Көктайғақтың кесірінен 20-ға жуық көлік бір мезетте жол апатына ұшырады (видео)

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, Жамбыл облысында бір мезетте 20-ға жуық көлік жол апатына ұшырады.

Телеарнаның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Ақшолақ ауылы маңындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының 472-шақырымында болды. Алдын ала дерек бойынша, жолаушылар аман-есен. Екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Апатқа ұшырағандар арасында Қордайдан Таразға науқасты алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі де бар. Жол-көлік оқиғасы қалың тұман мен жаңбырдан кейінгі көктайғақ кесірінен болған.