Астрологтар қаңтардың ең қауіпті күндерін атады
Астрологтар қаңтардың ең қауіпті күндерін атады

Астрологар қаңтар айындағы қауіпті күндерді атады. Меркурий планетасының кері ықпалынан маңызды оқиғалар ойдағыдай өтпеуі мүмкін. Оған қоса шешім қабылдау қиынға соғады, деп жазады planetanovosti.com

5 қаңтарда Плутон және  Меркурий планеталары кездесіп, адамдар арасындағы достық қарым-қатынасқа әсер етеді. Түкке тұрғысыз реніш пен үлкен төбелестер болуы да мүмкін. 6 қаңтарда Марс планетасы Торпақ белгісіне ауысады. Ашу-ыза мен кері әсер артады. Адамдар жұмысқа қатысты себепсіз алаңдауы мүмкін. Мұндай жағдайда басқа дүниелерге көңіл аударып, тынышталған жөн.

10 қаңтарда Сатурнмен, 11 қаңтарда – Юпитермен түйісу орын алады. Бұндай жағдайда күн өте сәтсіз болады. Маңызды істерді бастамаған дұрыс, қымбат дүниелер сатып алудан бас тарту керек. Кез келген мәселеде дауласпау керек.

30 қаңтарда Меркурий кері бағытта жүреді. Сәтсіздік барлық салада болуы мүмкін. Біреулердің махаббатта жолы болмаса, біреулердің жұмыс күні мен отбасында кикілжің, сәтсіздік болуы ықтимал.