«Ұят болады» деп Қазақстан зорлық-зомбылықтан ТМД-да көш бастап тұр
«Ұят болады» деп Қазақстан зорлық-зомбылықтан ТМД-да көш бастап тұр

Соңғы жылдары отбасылық зорлық-зомбылықты анықтау, зардап шегушілердің шағымдануы көбейген.

Қазақстанда 5 жылға жуық уақыт ішінде  жыныстық зорлық бойынша елімізде 12446 факт тіркеліп, 4403 іс соттың қарауында жатыр.

«Еркіндік қанаты» қоғамдық қорының атқарушы директоры Елена Швецованың айтуынша, әйелдер көбінесе «ұят болады» деп шағымданбайды.

«Қазақстанда көбіне әйелдер көмек сұрап баратын орталықтарды білмей жатады. Ауылдық жерлерде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер «ұят болады» деп көнбістікке салынып жүре береді. Полицияға шағымданса, күйеуін 10 күнге қамап, босатып жібереді. Ерегескен еркек әйеліне бұрынғыдан бетер қорлық көрсетеді, – дейді Елена Швецова.