Үгіт-насихат жұмыстары аясында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова мен Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов Шетпе ауылында орналасқан «КаспийЦемент» ЖШС ұжымымен Zoom платформасында кездесу өткізді.
Кездесуде сөз алған кандидаттар партияның 7 басым бағытын егжей-тегжейлі түсіндірді. Аталған бағдарлама барша тұрғындардың әл ауқатын арттыруға жәрдемдесетінін жеткізді. Сонымен қатар алдағы сайлау науқанына белсенділікпен қатысуға шақырды.
Дәл осындай онлайн кездесу Маңғыстау аудандық сайлауалды штаб мүшелері Қ.Исаев, Т.Қалдығұлов, А.Ордабаева, М.Далмағанбетов, А.Шүгірова, облыстық мәслихат депутатына кандидат Н.Сәрсенбай «Қаламқас Мұнайгаз» ӨБ ұжымымен ұйымдастырылды.
Кездесудегі мақсат – 10 қаңтарда бекітілген еліміз үшін ерекше науқан сайлауға қатысқалы отырған Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен ұжым мүшелерін таныстыру болатын. Шарада алдымен сөз алған Қ.Исаев партияның басымдық беріп отырған 7 бағытын егжей-тегжейлі түсіндіре келе: «Бұл бағдарлама барша тұрғындардың әл-ауқатын арттырып, көптен қордаланған түйткілді мәселерін оңтайлы шешу жолдарын қарастырды. Алдағы кезеңдерде атқарылуға тиіс бірқатар жаңа жобалар жоспары мен дамудың бағыт-бағдары әзірленген бағдарлама ел тұрғындары үшін пайдалы екені анық. Бастысы – аталған бағдарламада халықтың пікірі ескерілген. Еліміздің, азаматтарымыздың өмірін жақсартуға бағытталған нақты шешімдер сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ойдамын. Бос сөз бен құрғақ уәде емес, нақты әрекетпен ғана халық сенімінен шыға алатынымыз анық. Сондықтан партия бұл міндеттерді нақты қолға алып отыр» – деді. Өзге штаб өкілдері де бұл сөздерді нақтылай келе, алдағы сайлауға белсенділік танытуға шақырды.
Сайлауалды үгіт насихат жұмыстарымен танысқан «Қаламқас Мұнайгаз» ӨБ ұжым мүшелерінің бірі М.Батыршаев сайлауға бірауыздан белсенділікпен қатысатындықтарын жеткізді.
Nur Otan партиясы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының
сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.