Қасым-Жомарт Тоқаев: Жастарға жағдай жасау – міндетім
Қасым-Жомарт Тоқаев: Жастарға жағдай жасау – міндетім
5,140
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатына қатысты.

Шараға аймақтардан 500-ге жуық жас келген.

«Бүгін ұлан-байтақ еліміздің түпкір-түпкірінен келген жастар елорда төрінде, Нұр-Сұлтан қаласында, халқымыздың құтты мекенінде бас қосып отыр. Сіздермен Тәуелсіздік күні қарсаңында жүздесіп отырмыз. Біз үшін бұдан асқан қастерлі әрі маңызды мереке жоқ. Баршаңызды құттықтаймын! Тәуелсіздігімізді нығайтып, елімізді одан ары өркендету қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Сондықтан біз сіздерге зор үміт артамыз. Мемлекетіміздің келешегі – өздеріңіз. Жаңа ғана жастардың бір топ өкілі түрлі өзекті тақырыптарда жақсы сөз сөйледі. Ұтымды пікірлер айтты. Мен барша жастарды мақтан тұтамын.

Бәріміз білімді әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісіне айрықша мән беріп отырмыз. Жалпы, еліміздегі бастамалардың барлығы жас буынның жарқын болашағы үшін қолға алынды. Жастарымыздың жан-жақты дамуына жағдай жасау – менің Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі. Сондықтан осы мәселе әрдайым менің назарымда болады. Бүгінгі жастар – елімізді ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Салтанатты рәсім ArtHUB шығармашылық бастамаларды қолдау орталығы құрылатын павильонда өтіп жатыр.