Нұр-Сұлтанның «Жағалауында» егеуқұйрық қаптап кетті (видео)

Нұр-Сұлтанның «Жағалауында» егеуқұйрық қаптап кетті (видео)

Нұр-Сұлтан қаласының «Жағалау» тұрғын үй кешенінің тұрғындары егеуқұйрық қаптағанына наразы.

«Еуразия» бірінші арнасының хабарлауынша, тұрғындар 1-қабатта орналасқан ет сататын дүкеннің кесірінен дегенді алға тартады.

Пәтер иелері осы үйде ет мүшелеген кәсіпкерлерді кінәлап отыр. Соның кесірінен егеуқұйрықтардан құтыла алмай отырғанын айтады.



Үйдің 1-қабатында дүкен жұмыс істеген. Ол жерде кәсіпкерлер ет мүшелеп, қалдықтарды контейнерлерге тастаған. Тұрғындар соның салдарынан егеуқұйрық пайда болғанын айтады. 

«Мына бөлме ет цехының дәл үстінде тұр. Балконды ашқан кезде сасық иіс шығады.Тұрып қалған еттің иісі», – дейді тұрғын Егімбаева.

Ал қаладағы Тауар мен қызметтің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті бұл мекенжай бойынша бірде-бір заңды тұлға тіркелмегенін айтты. Жоспардан тыс тексеріс жүргізу үшін кәсіпорынның реквизиттері керек. 

Олардың айтуынша, үйдің 1-қабатында дүкен ашуға болады. Бірақ пәтерлердің маңында етті бөлшектеуге рұқсат берілмейді.