Nur Otan партиясы Бейнеу ауданында алдағы бес жылда жасалатын жоспарлы жұмыстарын қамтыған сайлауалды бағдарламасында дамудың 7 басымдығын айқындады. Солардың бірі – экономикалық тұрғыдан тұрақты аудан. Партия атап өткендей, COVID-19 жағдайы еңбек нарығына түзетулер енгізіп, жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті төмендетіп, халықтың табысын азайтты. 2025 жылға дейін Nur Otan партиясы жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін болады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті көтеріліп, кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Бейнеу ауданы – тоғыз жолдың торабы. Аудан арқылы көптеген бағытқа теміржол, автокөлік жолымен жүк тасылып, жолаушылар сапар шегеді. Осы орайда Nur Otan партиясы ауданға жаңа теміржол салу, сауда нүктелерін, жанар-жағармай құю бекеттерін көптеп орналастыруды көздеп отыр. Оған қоса ауданда ауылшаруашылық және кәсіпкерлік саласына басымдық беріліп, жылына кем дегенде бір наубайхана, пластик дайындайтын, жиһаз әзірлейтін цехтар құру, астық терминалының жұмысын кеңейту, мал бордақылау алаңын салу жұмыстары жүзеге асады. Партияның аталмыш жоспарлы жұмыстарымен Бейнеу аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрлыбай Ауданбаев пен Ардақ Бораш Сыңғырлау ауылының тұрғындарын таныстырды. Ауылға арнайы барып, халықпен кездесу өткізді. Бейнеуде бүгінге дейін жасалған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарға тоқталды. 5 жылда өзгеретін Бейнеу ауданы жайында айтты. Еліміздегі көшбасшы партияны қолдауға шақырды. Тұрғындардың сұрақтарын, ұсыныстарын тыңдады. Сыңғырлау ауылының тұрғындары партия ұсынған бағдарламада белгіленген, аудан дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шараларды қолдап, оң бағаларын берді.
Nur Otan партиясы Маңығстау облысы Бейнеу ауданы сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.