Apple 2021 жылы жаңа гаджет шығарады
Apple 2021 жылы жаңа гаджет шығарады
Apple компаниясы биыл өзінің жаңа құрылғысын сатуды бастауы мүмкін, деп хабарлайды PocketNow. Бұл туралы Apple-дің әйгілі талдаушысы Минг-Чи Куоның жаңа зерттеуінде айтылған. Оның айтуынша, жаңа Apple AirTags құрылғысы кез-келген нысанды бақылауға мүмкіндік береді. Гаджет қағаз парақтарын тақтаға бекіту үшін қолданылатын кішкентай магнитке ұқсайды. Оны сөмкеге, әмиянға салуға немесе кез-келген басқа затқа бекітуге болады. Ол смартфонға қосылады және картадағы Локатор қосымшасында көрсетіледі. Байланыс үшін Bluetooth Tile немесе жаңа Ultra Wideband (UWB) технологиясы қолданылады, ол көптеген заманауи iPhone-да, тіпті Apple сағаттарында да бар.