Павлодарда құмар ойыншыларды ұстады (видео)
Павлодарда құмар ойыншыларды ұстады (видео)
101
оқылды
Екі күдікті Павлодарда, төртеуі Екібастұзда ұсталған. Арнайы жасақ жауынгерлері алаяқтық жасады деген күдікке ілінген топты карта ойыны үстінде құрықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап. Арнайы жасақ әскері екі алаяқты Павлодардағы үйлердің бірінің ауласында, ал тағы төртеуін Екібастұзда ұстаған. «Ұсталған 40 пен 70 жас аралығындағы адамдар, олардың бесеуі Өзбекстан азаматтары, біреуі павлодарлық. Олардың барлығы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді», – деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі. Адамдарды ойынға тарту үшін, олардың бірі базардың сатушысы болып танысқан, ал қалғандары кездейсоқ жолаушылар мен сатып алушылар ретінде әрекет еткен. «Зардап шегушілерге бірнеше рет жеңіске жетуге мүмкіндік берілді. Қажетті көлемде қарыз беруді де ұсынған. Осыдан кейін құмар ойынға еліткен ер адам бәрін жоғалтты», – деді полицияның баспасөз қызметі. Жедел-іздестіру шараларына сәйкес, алданғандардың арасында 64 жастағы Павлодар тұрғыны болғаны анықталды. Зейнеткер алаяқтарға алданып миллион теңгесінен, ал тағы бір адам 30 мың теңгесінен айрылды. Полиция ойыншыларға құрбан болғандар саны одан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Павлодар полициясы алданушылар болса 102,  39-11-14,  39-11-95 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.   https://youtu.be/MHmHJfu_tis