Психолог адамның телефонға тәуелділігін анықтау жолын айтты
Психолог адамның телефонға тәуелділігін анықтау жолын айтты
Адамның телефонға деген психологиялық тәуелділігін қалай анықтауға болады.  «Прайм» агенттігінің бұл сауалына психолог Дмитрий Синарев жауап берді.  Телефонға психологиялық тәуелділіктің басты белгісі – адам құрылғыны үнемі назарда ұстайды. Телефон адамның қолында жүреді немесе ол смартфонды көзіне көрініп тұратын жерге қояды. Әңгіме барысында қандай да бір сұрақ туындаса, тәуелді адам сұрақтың жауабын табу үшін телефонына үңіледі. Кей жағдайда қолдау іздейді. «Психологиядан хабары жоқ адамның өзі сұхбаттасушысының телефонға тәуелділігін аңғара алады. Әлеуметтік желіде, хабарлама жазған кезде мұндай адамдар грамматикалық және стилистикалық қате көп жібереді. Себебі мұндай адамдар гаджеттің «миына» сүйенеді және жазғанын тексеруге ұмтылмайды. Өз ойын жеткізудегі мұндай сенім де тәуелділіктің белгісі», – деп түсіндірді психолог. Бүгінде смартфон пайдаланбайтын адамды кезіктіру қиын. Құрылғы арқылы жүретін жолын анықтайды, қанша қадам басқанын бақылап отырады. Әлеуметтік желілер арқылы туыстары мен таныстарының өміріндегі жаңалықтарды біліп отыруға да мүмкіндік бар. Психологтың айтуынша, телефонның санамызға сіңгені соншалық, қазір адамдар сезім мен эмоциясын сөзбен емес, стикерлермен жеткізеді. Маман бұл тенденция  адамдардың бағдарламалануын арттырғанына, салдарынан оларды басқаруды жеңілдей түсетініне алаңдаулы.