«Президент мақаласы ел рухын асқақтатуға серпін береді» – Нұрлан Нығматулин
«Президент мақаласы ел рухын асқақтатуға серпін береді» – Нұрлан Нығматулин
147
оқылды

Жаңа басталған 2021 жыл біз үшін ерекше. Себебі осы жылы біз ата-ба­ба­ларымыз ғасырлар бойы аң­саған, қа­сиетті Тәуел­­­­­сіз­­дігіміздің 30 жыл­ды­ғына қа­дам бастық.

Осыған орай, Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінде «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мазмұнды ма­қаласын жариялап, егемен еліміздің өсіп-өркендеу жолы­ның ғасырға бергісіз тарихи жетістіктеріне тоқталды. Мақалада мемлекетіміздің қалыптасу, даму, өркендеу жолы «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құн­дылық» және «Ұлағат пен ұс­таным» деп аталатын төрт ау­қымды бағытты қамти отырып, «30 жылда біз қандай жетіс­тіктерге жеттік?», «Келер ұр­паққа қандай елді аманат­тай­мыз?», «Мемле­кеттігімізді ны­ғайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сұрақтардың айқын жауа­бын көрсетті. Президент атап өткендей, тарих тұрғысынан алғанда, 30 жыл – көзді ашып-жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен бұл көп халық үшін қиын­дығы мен қуанышы, дағ­дарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге бо­лады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Алғашқы онжылдықта Ел­басымыз Нұрсұлтан Назар­баев­­тың басшылығымен мем­лекеттік нышандарымыз бел­гіленіп, билік жүйеміз қа­лып­тасты. «Қазақ­стан –2030» стра­тегиясын қабыл­дадық. Екінші онжылдықта мем­лекетіміздің тұғыры нығайып, экономикалық әлеуетіміз арт­ты. Үшінші онжылдықта «Қа­зақ­стан – 2050» страте­­гиясын қабылдап, озық дамы­ған 30 елдің қатарына қосылуды жос­парлап отырмыз. Осы кезеңдерде білім, ден­саулық, әлеуметтік жағдай, ру­хани байлығымыз, патриот­тық рухымыз, басқа да еліміздің барлық салалары заман тала­бына сай қарқынды өсіп отыр­д­ы. Бұл – Елбасымыз бастап, Мемлекет басшысы жалғас­тыр­­ған мақсаты берік, бола­шағы айқын, сенімі нық қазақ­стандық үздіксіз даму жолымыз. Енді алдағы төртінші он­жылдықтағы басты міндетіміз – қуатты ел және кемел халық бо­лу. Осы жолда ең басты бағ­да­ры­мыз – білімді ұрпақ. Осы жолда мақалада көр­се­тілгендей, жас буынға жан-жақты қолдау көрсете отырып, бәсекелік қабілетін арттыруға баса көңіл бөлінбек. Білім мен технология, жоғары еңбек өнім­ділігі – ел дамуының басты қоз­ғаушы күші. Президентіміз атап өткен­дей, «Тәуелсіздік бәрінен қым­бат!» деген бірауыз сөз әр­қай­сы­сы­мыздың мәңгілік ұраны­мызға ай­­­налып, әрбір қазақ­­­­стан­дық­тың  жүрегінен  орын  алып,  ру­хын  асқақтатуға серпін бе­ретіні сөзсіз.