Чехияда ауруханадағы атыс салдарынан алты адам қайтыс болды

Чехияда ауруханадағы атыс салдарынан алты адам қайтыс болды

Бастапқыда төрт адамның қайтыс болғаны хабарланды, кейіннен алты адам екені анықталды.

Чехия премьер-министрінің бірінші орынбасары және ішкі істер министрі Ян Гамачек солтүстік-шығысындағы Острава қаласындағы ауруханада отырған сырқаттарға белгісіз біреу оқ атқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды bbc.com.

Басында Ян Гамачек төрт адамның қайтыс болғанын және екі адамның жараланғанын хабарлаған, бірақ кейінірек жаралы екі адамның да қайтыс болғаны анықталды. Бұл ақпаратты премьер-министр Андрей Бабиш те растады.

«Атыс салдарынан зардап шеккендер аурухананың күту залында отырған пациенттер екені анықталды. Бақытымызға орай, күту залында отырғандардың саны аз болды», – деді Андрей Бабиш журналистерге.

Чехия полициясы бойы шамамен 180 сантиметрлік қызыл күрте киген күдікті адамды іздеуде. Аурухананың айналасы қоршалған.


Атыс болған жерден ондаған адам эвакуацияланды. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.