Елімізде жауын-шашын жауып, жер көктайғақ болады
Елімізде жауын-шашын жауып, жер көктайғақ болады
133
оқылды

11-13 желтоқсан күндері ауа райы бұзылып, тұман басып, жауын-шашынның кесірінен жер көктайғақ болады.

Дауылдың қатты болуына байланысты  еліміздің үш облысында  жер көктайғақ болады деп күтілуде. Оған: Қызылорда облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы кіреді. 
Сонымен бірге, Қазақстанның оңтүстік-шығыста жауын-шашын болуы мүмкін. Бұл жайында Қазгидромет хабарлады.
Айта кетер болсақ, тұманның кесірінен Алматыдағы әуе кемелерінің рейстері кешігуде. «Қолайсыз ауа райы, әуежайға қосымша техникалық қызмет көрсету және авиакомпаниялар шешімдерінің өзгеруі себеп болуда», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ИКАО-ның ІІІ В санатына сәйкес сертификатталған Алматы әуежайы көріну шектеулері талаптарында лайнерлерге қызмет көрсетуге дайын, дегенмен осындай жағдайларда рейсті орындау үшін ұшақ экипажында ИКАО ІІІ В санаты болу керек.