Азық-түлік бағасы қымбаттады

Азық-түлік бағасы қымбаттады

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Бір жылда нан, ет, балық, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, қант секілді күнделікті тұтынатын тауарлардың барлығы қымбаттады. Оның ішінде, ұн 16%-ке, қант пен май бағасы 33%-ке өсті. Жармалардың құны 28%-ке қымбаттаған. Сондай-ақ коммуналдық қызмет бағасы да қымбаттаған. Мысалы, қоқыс шығару қызметінің тарифі 20%-ке, элетр жарығы 6,5%-ке өсті.

Соңғы аптада Қазақстанда жұмыртқа бағасы күрт қымбаттады. Аймақтарда 390-550 теңге аралығында сатылып жатыр.