Астаналық полицей дәрігерді бопсалаған
Астаналық полицей дәрігерді бопсалаған
129
оқылды
Елорданың полицейі елге белгілі дәрігерден миллиондап ақша тартып алып отырған. Сол үшін Азамат Балтабаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол елордалық полиция департаментінің жол-патрульдік полициясының бұрынғы инспекторы болған. Бұған дейін полиция қызметкері адамдарды құтқарумен  танылып, тіпті, батыр полицей атанған. Ол атақты дәрігер Серік Ақшолақовтан миллион теңгеге бопсалаған. Дәрігерді әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін осындай пара талап еткен. Онымен бірге әріптесі, полиция қызметкері Ринат Әбдрахманов та осындай үкім шығарылды. Сонымен қатар екеуіне де құқық қорғау жүйесінде мемлекеттік қызметте болуға тыйым салынды. Оған қоса, Балтабаевты бала мен көпірден секірген адамды құтқарғаны үшін алған II дәрежелі «Айбын» орденінен айырды.