Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов туған күнін Меккеде қарсы алған.
Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысы Махамбет ауданы Новобогат ауылында дүниеге келген. Ол биыл – 63 жасқа толды.Осы жолы ол туған күнін Меккеде қарсы алған. Оның Умра қажылықта жүрген суреттері әлеуметтік желілерде жарияланған.
Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов 1979 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірген, география және биология пәндерінің мұғалімі. Әр жылдары жоғары мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқарды. Оның ішінде премьер-министрі, мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігінің басшысы, Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысының әкімі болған. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігін де басқарды.