Атырауда отбасындағы кикілжіңнен соң 5 күнде 7 жасөспірім үйінен кетіп қалған
Атырауда отбасындағы кикілжіңнен соң 5 күнде 7 жасөспірім үйінен кетіп қалған
109
оқылды

Полицейлер 1-5 қаңтар аралығында жедел іздестіру нәтижесінде, үйінен кетіп қалған жасөспірімдерді іздеп тапты.

Атырау қалалық полиция басқармасына жасөспірімдердің ұшты-күйлі жоғалғаны туралы 7 хабарлама түсті. Оның ішінде 4 қаңтар сағат 00:30 шамасында 10 жастағы жасөспірім анасы ұрысқан соң үйінен шығып кеткен. Полицейлер оны көрші үйден тапты. Сол күні түнгі сағат 23:00-дер шамасында анасына ренжіген 14 жастағы жасөспірім үйінен кетіп, көпірге бет алған. Оны полицейлер отбасына жеткізді.

Отбасындағы ұрыстан соң үйінен кетіп қалған жасөспірімдердің ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.