Биыл 11 қаңтардан бастап Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қаласындағы қабылдау бекетіне көлікті өткізуге болады.
18 қаңтардан бастап Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Петропавл мен Орал қалаларының қабылдау бекеті жұмысын бастайды. 1 ақпаннан бастап ескі көліктер Алматы қаласында қабылданады.2021 жылы ескі көлік үшін берілетін төлем көлемі:
– М1санаты бойынша – 210 024 теңге; – М2 санаты бойынша – 420 048 теңге; – М3,N3 санаты бойынша – 630 072 теңге.