Оның ішінде тұрмыстық кикілжіңнен бастап, алкогольдік ішімдік ішіп, тәртіп бұзу фактілері де бар.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 3000-нан аса полиция қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары мереке күндері демалыс орындарында карантин талабын қатаң сақталуын қадағалады.Атап айтсақ, тұрмыстық жанжал бойынша – 9, бұзақылық және қоғамдық тәртіпті сақтамау – 40, алкогольдік ішімдік ішкендерге қатысты – 67, қоғамдық орындарда тәртіп сақтамау – 32, абаттандыру ережелерін бұзу – 40, қала мен елдімекеннің жасыл желегін жою және бүлдіру, сондай-ақ тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзудың 15 дерегі бойынша хаттама толтырылған.
Осылайша, бақылауды күшейткенімен 500-ден аса құқықбұзушылық тіркелді.
Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы