Көліктің дөңгелегін өртеп, құбырды жылытқандардың ісі тексерілетін болды  
Көліктің дөңгелегін өртеп, құбырды жылытқандардың ісі тексерілетін болды  
100
оқылды

4 қаңтар күні Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округінде коммуналдық қызмет өкілдерінің қатып қалған су құбырларын жылыту үшін көлік дөңгелегін өртегені туралы ақпарат тарады.

«Осыған байланысты «Талғар су» мекемесінің қызметкерлері оқиға орнына барды. Резеңке дөңгелекті өртеуді тоқтатты. Алматы облысының Экология департаменті бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ресми тексеру жүргізеді. Соның қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады. Ол үшін видео авторы департаментке ресми арыз жазуы керек», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде аяз болатынын хабарлаған болатынбыз.