Махамбетов және Наурыз ауылдарына газ кіреді
Махамбетов және Наурыз ауылдарына газ кіреді
185
оқылды

Nur Otan партиясы алдағы бес жылда 1175 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға үлес қоспақ. Олардың қатарында қуаттылығы жылына 300 мың тонна жоғары қысымды шыныталшықты пластикалық және сорап-компрессор құбыр өндіретін зауытының құрылысы да бар.

Сондай-ақ партия 2025 жылға дейін жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға төмендетуге ниетті. Әрі 130,1 шақырым қала көшелерін жөндеу жұмыстарын қолға алып, 4140 пәтерлі 92 көпқабатты тұрғын үй, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға, жас отбасыларға, бюджет саласының қызметкерлеріне 1840 пәтердің құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Nur Otan партиясы атынан Қызылорда облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Наурызбай Байқадамов, Гүлнар Есқалиева, Мақсұт Нәлібаев пен Анар Ізден «Достық үйінде» өткен кездесу барысында айтты.  газ Үгіт тобы қатысушыларға алдағы бес жыл шеңберінде атқаратын партияның негізгі міндетін тілге тиек етіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тұрғындардың әл-ауқатын арттырудағы партияның ілкімді істеріне тоқталып, медицина саласындағы қолжетімділік, сапалы жол, таза ауыз су мен газ сияқты көпті толғандырған сұрақтардың түйінін тарқатты. Еркін пікір, ашық әңгіме арасында сөз алған «Көкжиек» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айман Тұрбаева балалардың еміне көңіл аударып, демалыс орнындағы балаларға дұрыс ем жасалса деген тілегін жеткізді. Ал «Туған жер» қауымдастығы төрайымы Құрмакүл Ерімбетова бағдарламаға енбеген шет аймақтардағы жол мәселесін қалай шешеміз деген сауалын жолдады. – Nur Otan – халықтың партиясы. Сондықтан әрбір тұрғынның ұсыныс-тілегі мен талабы біз үшін маңызды. Партия өзінің алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасында барлық саланы толық қамтып отыр. Оның ішінде ауылды дамытуға арналған тың жоспарлар да бар. Сіздердің сенімдеріңіз бізге серпін беріп, жоспарлардың жүйелі орындалуына негіз болары сөзсіз, – деді үміткер Мақсұт Нәлібаев.

Айта кетейік, бүгінде қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін партия халықты сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін оңтайландырмақ. Саяхат, Сәулет, Рисмаш, КБИ, Әл-Фараби, Сабалақ аудандарында ұзындығы 213,2 шақырым инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу да күн тәртібінде тұр. Ал алдағы бес жылда партия Махамбетов және Наурыз ауылында 110,4 шақырым газбен жабдықтау желілерін салып, Сабалақ, Эдельвейс, Орбита саяжайларын газдандыру жұмыстарын жүргізбек.

Еркін форматта өткен жүздесуден соң, қала тұрғындары бүгінге дейін ел үшін жасап жатқан өлшеусіз еңбек, тың бастамалар мен жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, алдағы саяси дода да Nur Otan партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.

Nur Otan партиясы Қызылорда облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.