Nur Otan партиясы алдағы бес жылда 1175 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға үлес қоспақ. Олардың қатарында қуаттылығы жылына 300 мың тонна жоғары қысымды шыныталшықты пластикалық және сорап-компрессор құбыр өндіретін зауытының құрылысы да бар.
Сондай-ақ партия 2025 жылға дейін жұмыссыздық деңгейін 4,6%-ға төмендетуге ниетті. Әрі 130,1 шақырым қала көшелерін жөндеу жұмыстарын қолға алып, 4140 пәтерлі 92 көпқабатты тұрғын үй, оның ішінде әлеуметтік осал топтарға, жас отбасыларға, бюджет саласының қызметкерлеріне 1840 пәтердің құрылысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Nur Otan партиясы атынан Қызылорда облыстық және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Наурызбай Байқадамов, Гүлнар Есқалиева, Мақсұт Нәлібаев пен Анар Ізден «Достық үйінде» өткен кездесу барысында айтты.Еркін форматта өткен жүздесуден соң, қала тұрғындары бүгінге дейін ел үшін жасап жатқан өлшеусіз еңбек, тың бастамалар мен жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, алдағы саяси дода да Nur Otan партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.Айта кетейік, бүгінде қала тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін партия халықты сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету және көшелер мен аулаларды абаттандыру мәселелерін оңтайландырмақ. Саяхат, Сәулет, Рисмаш, КБИ, Әл-Фараби, Сабалақ аудандарында ұзындығы 213,2 шақырым инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын салу да күн тәртібінде тұр. Ал алдағы бес жылда партия Махамбетов және Наурыз ауылында 110,4 шақырым газбен жабдықтау желілерін салып, Сабалақ, Эдельвейс, Орбита саяжайларын газдандыру жұмыстарын жүргізбек.
Nur Otan партиясы Қызылорда облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.