Елорданы тұрғызған тұлғалармен сырласты
Елорданы тұрғызған тұлғалармен сырласты

Елбасы Н.Назарбаев елор­даның алғашқы құ­рылысына атса­лысу­шылар­мен жүздесті. Мұндай кез­десу алдыңғы жылдары да өткен. Осылайша, ізгі дәстүрге айналды.

Кездесу барысында Қа­зақстанның Тұңғыш Прези­денті үзеңгілестерімен бірге елорданың құрылуына және даму тарихына арналған көр­мені аралады. Онда Елбасы кітап­ханасының музейі, мұрағаты және кітапханасы қорынан мың­ға жуық экспозиция қойы­лыпты.

Сонымен қатар Тұңғыш Президент «Назарбаев орталы­ғы­ның» экспозициялық алаңын­­да елорданың алғашқы құры­­­лысына қатысушыларына арнап, өзі экскурсия өткізді.

Сондай-ақ Елбасы астананы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы есте­лігімен бөлісті.

– Жақын серіктестерім мен адал үзеңгілестерімді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздер әсем қаламызды салу барысында әрқашан маған сенімді қолдау көрсеттіңіздер, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бас қаламызды тұрғызуда қолтаңбасы қалған тұлғалардың ірі істері ұрпақ есінде қалары сөзсіз.


Елдос СЕНБАЙ