Бір жылда Қазақстанда қанша көлік тіркеуден өтті?
Бір жылда Қазақстанда қанша көлік тіркеуден өтті?
118
оқылды

«ҚазАвтоӨнеркәсіптің» мәліметінше, 2020 жылы әкімшілік полиция органдары 1 369 668 автокөлікті тіркеуге қойды. Оның ішінде, 1 223 677-сі бірнеше рет тіркелгендер үлесінде, яғни бір адамнан екінші адамның атына ауыстырылған көліктер санатына жатады. 2019 жылмен салыстырғанда 11,7 пайызға төмендеді.

Алғаш рет тіркелген көлік саны – 145 991. Оның ішінде уақытша тіркеуге қойылған Армениядан жеткізілген 17 398 жеңіл автокөлік бар. 73 жеңіл электромобиль тіркелген.

Қайта тіркелген көліктердің 66,9 пайызының пайдалану мерзімі 10 жылдан асып кеткен. 20 жылдан асқандардың үлесі – 41,1 пайыз, 11-ден 20 жылға дейінгілер – 25,9 пайыз, 4-тен 7 жылға дейінгілер – 17,2 пайыз, 8-ден 10 жылға дейінгілер 9,9 пайыз, 1-ден 3 жылға дейінгі көлік саны 60 605-ке жетті. Ал пайдалану мерзімі 1 жылға жетпеген көліктердің үлесі – 1 пайыз, яғни 12 087 көлік.

Бұған дейін Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі туралы жазған едік.