Көшеде көкпар тартқан жастарға қандай үкім шығады? (видео)
Көшеде көкпар тартқан жастарға қандай үкім шығады? (видео)

Жол бойында көкпар ұйымдастырып, көліктің жүруіне кедергі келтірген шабармандар ұсталды.

Оқиға 9 желтоқсан күні болған. Біршама шабандоздар облыс орталығы жолында көкпар ұйымдастырып, елдің мазасын алған. Ал бұны қызық көрген қала тұрғындары камераға түсіріп, әлеуметтік желілерге салып жіберген. Міне, сол видео халықтың наразылығын тудырған. 

https://youtu.be/3fybtgn3Fqw

Видеодан-ақ айқайлап, дүрліккен көңілді топтың жол бойында көкпар ойнағаны, сол жердегі көліктердің қозғалысына кедергі келтірегенін байқауға болады.

Мұндай бұзақылыққа жергілікті полицейлер жедел әрекет етіп, бірнеше сағат ішінде көкпарға қатыстыларды анықтады. Оның бірі - Алматы облысының Текелі қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Барлығы жеті адам ұсталды. Көпшілігі Ескелді ауданының тұрғыны екен.

Олар бұл көкпарды қала маңындағы ауылдардың бірінен бастап шыққан. Ойынның қызығына кіріп кеткені соншалық олар қалаға кіріп, Талдықорған көшелерімен жүріп өткен.

Алматы облысы полициясының хабарлауынша, енді олар  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы - ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ендігі жерде, шабандоздардың жауапкершілікке тартылуын әкімшілік сот шешеді.