Жамбылда Жаңа жыл түні 29 нәресте дүниеге келді
Жамбылда Жаңа жыл түні 29 нәресте дүниеге келді

Перинаталдық орталық мамандарының айтуынша, Жаңа жыл түні тыныш өткен екен.

Ешқандай  оқыс оқиға  орын алмай, барлық аналар жоспарлы түрде босаныпты. Тіпті бүгінде бірқатары үйлеріне  шығарылып  та үлгерген. Ресми мәліметке сүйенсек, еліміз бойынша Жаңа жыл түні 363 сәби туған болса, оның 186-ы ұл, 177-сі қыз. Ал ең қызығы ЮНИСЕФ халықаралық балалар ұйымымын болжамы бойынша 2021 жылы жарық дүние есігін ашқан нәрестелер орта есеппен 84 жас өмір сүретін көрінеді.

Бұл болжамға сенсек, биыл туған балалардың дені 2100 жылды көріп,  жаңа ХХІІ  ғасырдың азаматы атанбақ.

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы