5 қаңтарда елімізге Германия, Корея, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті. 1 940 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 215 қазақстандық ұшып келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 252 жолаушы, анықтамамен - 1 112, анықтамасыз - 140; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 186 жолаушы, анықтамамен - 182; анықтамасыз - 4; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келді; Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 206 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз - 56; Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 143 жолаушы анықтамамен келді; Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз – 15 адам келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 4 қаңтарда анықтамасыз келген барлық 162 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.