Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті 6 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 5 қаңтарда елде бір де бір облыс «қызыл» аймақта болмаған еді.Алайда бүгінгі мәліметте «қызыл» аймаққа Атырау облысы қайта енгізілген.
Сонымен қатар «сары» аймақта әлі де Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта.