Ақшадан үй соққан азамат
Ақшадан үй соққан азамат
126
оқылды

Өзі жұмыссыз болса да, ақшадан үй тұрғызған. Оған жарты миллиард евро жұмсаған.

Ол үйді Ирландық Фрэнк Бакли Дублин қаласында тұрғызған. Жұмыссыз жүрген суретшіде көк тиын да болмаған. Алайда бұл үйді соғуына кедергі болмады. Өйткені ол ақшаны ирландық банктен алды. Онда да ол ұзақмерзімді несиемен емес, қайтарымсыз ақы. Себебі, ол жарамсыз қағаз ақшаны пайдаға жарата білген.

Әу басында Фрэнкте қағаз ақшадан үй соғамын деген ой да болмаған. Бұл жай ғана кездейсоқтық. Мұның бәрі – қағаз ақшаның қиындысынан сурет салуға тапсырыс алуынан басталды. 

Ол жергілікті Ақша сарайынан ескі, жарамсыз ақшаны пайдалануға сұраған. Содан үйіліп жатқан қиындыны көріп, одан сурет қана емес, құрылыс материалы ретінде пайдалануға болатыны ойға келген. Сол кезде ешқандай құны жоқ шашылып жатқан ақшадан үй тұрғызып алмақшы болады.

 Бір кездегі үлкен соммалар, енді ешкімге қажетсіз боп қалды. Ал суретшінің бұл идеясын Ирландияның орталық банкі қолдап, Ақша сарайындағы жарамсыз деген қағаз ақшаны пайдалануына рұқсат берді.

Сөйтіп, Фрэнкли жатын бөлмесі, қонақ бөлмесі және жуынатын бөлмеден тұратын кәдімгі жайлы үй тұрғызды. Қызығы, үйдің қабырғасы ғана емес, еденіне дейін ақшадан жасалды. 

Ол 5х15 сантимерт тұратын кірпішті ақша қиындысынан құйып, құрылыс бастап кеткен. Содан құрылысқа 5, 10, 20, 100 және 200 евролар жұмсалды.Үйдің жалпы құны – 1 млрд төрт жүз миллион евро. Сонда әр кірпіш 50 мың евроға шықты.

Фрэнктің айтуынша, ақшада соғылған үй өте шыққан. Тіпті, қыстың өзінде көрпе төсемей-ақ шығуға болады екен. Оның бір ғана өкініші, үйдің кішкентай болып қалғаны. Әйткенмен, ол алдағы уақытта ас үй мен кең дәліз қоспақшы.

Негізі суретші өз құрлысын «Ессіздік» ескеркіші деп атайды. Себебі, үй қаланың қақ ортасында, әсіресе бизнес орталықта орналасқан. Өзі айтқандай, түкке тұрғысыз нәрседен іске жарарлық дүние шығарғаны. Оның үстіне, бұл үй оның иесін қуантып қана қоймай, өзіне туристерді тартып жатыр.