Мақтааралдықтардың Nur Otan партиясына деген алғысы шексіз. Өйткені мұндағы жұрт көктемгі тасқын су кезінде бас партияның көмекке алғашқылардың бірі болып келіп, халықтың жанынан табылып, гумманитарлық көмекті ұйымдастырғанын, Biz birgemiz қорының есебінен жаңа мөлтек ауданнан 32 үй салып бергенін жақсы біледі. Бүгін бұл туралы Nur Otan партиясы атынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев пен Түркістан облыстық мәслихатына үміткер Қайрат Балабиевтің мақтааралдықтармен кездесуінде айтылды.
Естеріңізде болса, өткен жылдың мамыр айында болған Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасының апатқа ұшырауы салдарынан Мақтаарал ауданының 5 бірдей ауылы су астында қалып, ондағы тұрғындар бірқатар қиындықтарды басынан өткерді. Әрине, әрбір қиыншылықтың қайыры бар деген, бүгінде Өргебас пен Фирдауси елдімекенінің 600-ге жуық тұрғыны үкіметтен бөлінген 17 миллион теңгені алып, зәулім үйлер тұрғызып алды.
Ел азаматтары алдымен Жаңажол ауыл округіне қарасты Өргебас ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың бүгінгі жай-күйімен танысып шықты. Кездесу барысында үміткерлер тұрғындардың қонысына құтты болсын айтып, Nur Otan партиясының 5 жылдық сайлауалды бағдарламасын жан-жақты түсіндіріп берді.
Материал Nur Otan партиясы Түркістан облыстық сайлау қоры қаржысы есебінен жарияланды.