7 қаңтарда Қазақстанның үш облысында қатты аязға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтілуде. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында түнде -40 градус қатты аяз сақталады. Қарағанды облысында түнде кей жерлерде -37 градус қатты аяз болады. Қатты аяздың ықтималдығы 70-75%.