Nur Оtan партиясынан үміткерлер Игорь Веретнов, Рүстем Әлханов және Елена Яровенко «Павлодар нан-тоқаш комбинаты» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.
Игорь Веретнов коммуналдық желілерді жөндеу, қала көшелері мен аулаларын абаттандыру мәселелеріне ерекше тоқталды. – Былтыр пилоттық жоба ретінде «Халықтың қатысуымен құрылатын бюджет» жобасы жүзеге асқан еді. Соның аясында павлодарлықтар қаланы көріктендіруге қатысты өз идеяларын ұсынды. Ой-пікірлердің басым бөлігі ПИК пен МИБ жұмысын өзгерту, аулаларды абаттандыру бағыттарын қамтыды. Нәтижесінде төрт идея таңдап алынып, оларды іске асыруға 100 млн теңге қарастырылды, – деді Игорь Веретнов. Игорь Веретновтың пайымынша, жоба жақсы, десе де аула ішіндегі аумақтарды абаттандыру кешенді түрде қолға алынуы керек. Қазіргі кезде партиялықтар осы бағытта жұмыс істеуде.Nur Otan партиясының Павлодар облысы, Павлодар қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.