Шымкенттің бас санитар дәрігерінің "Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы" қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес Шымкентте карантин 25 қаңтарға дейін ұзартылды.
Сонымен қатар қала бойынша 65 жастан асқан адамдардың қозғалысы шектеледі. Тұрғындар әлеуметтік қашықтық сақтап, маска тағып жүруі тиіс. Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.