Реформатор
Реформатор

Өз басым жазушы, журналист және басылым жетекшісі ретінде императорлар немесе корольдер, президенттер, канцлер немесе сұлтандардың, кейбірі диктатор болған мемлекет қайраткерлерінің өмірі мен қызметін зерделедім. Бұл – елі үшін еңбек етіп, жауапкершілік жүгін арқалаған тұлғаларды тану үшін туған қызығушылық еді.

Бұл жолы мемлекет Көшбас­шының өмірі туралы сыр шерт­пекпін. 30 жылдан астам уақыт бойы елін прогресс пен өркендеу жолына жетелеп, ұлт тағдырын берік қолмен басқарған адамды қалай лидер демессің?!

Егер тәуелсіздік алған сәттен бастап елдің дамуының қысқа кезеңіне қарайтын болсақ, Қа­зақстан көп нәрсеге мұқтаж бол­ды. Кәсіби мемлекеттік аппарат, құқықтық мемлекет, индустрия­ландыру, тұрақты және болжамды экономикалық өсуден бастап, ел болып қалыптасу мен ұлт бірлігін нығайту бірінші кезекте тұрды. Бірақ Қазақстанды жан-жақты дамытып, аталған факторларды біріктіретін тұлға бар еді. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев мырза! Нұрсұлтан Әбішұлы – 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет бүкіл­халықтық сайлауда сайланған Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Н.Назарбаевтың ел тарихында орын алар айрықша дәуірі болды. Ол – халқы үшін бәріне дайын, жігерлі әрі белсенді тұлға. Қазіргі әлемдік саясат мықтыларының бірі Нұрсұлтан Назарбаевтың мойнында ұлттық рухты оятып, Қазақстанды жаңғырту жүгі тұрды.

Тәуелсіздік жылдарынан бастап қазақстандықтар оған жаңа Қазақстанды салу мен жо­ба­лауда сенім білдірді. Кейіннен нәтиже мен сенімнің тұстастығын уақыт көрсетті.

Оның егемендіктің негізін салуға, үйлесімді қоғам мен тиім­ді экономика құруға және ел да­муының басымдықтарын айқын­дауға бағытталған көп­функ­ционалды қызметінің маз­мұны мен мәні Елбасы деген сөзбен астасты. Бұл атауды қазақ халқы елін жаңаға бастаған, қа­зіргі тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған тұлғаға арнады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи феномені ұлттың шығармашылық әлеуетін дамытып, қоғамды болашаққа күшті серпіліске жұмылдыра білді. Елбасының нақты жобалары жүйенің тұрақтылығын қолдауға, стратегиялық жоспарлауды, даму кезеңін қамтитын таза прагмати­калық тәсілі елге 30 жылдан кем уақыт ішінде мемлекетке айтулы нәтижелерге қол жеткізуге мүм­кіндік берді.

Трансформацияның үздіксіз процесі мен қоғам өмірінің барлық саласында терең жүйелі реформаларға байланысты «қа­зақстандық ғажайып» ұғымы пайда болды. Ұғымның негізгі күші мен басты құрушысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Елба­сының сарабдал саясаты мен стра­тегиясы Қазақстан экономи­касын әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан экономикалардың қатарына қосты. Тұңғыш Прези­денттің еңбегі мен халық қол­дауының арқасында Қазақстан­ның даму моделі әлемдік қо­ғам­дастықта кеңінен танылды. Бұл модель терең эволюциясы бар мемлекеттің біртіндеп және сенімді дамуын көрсетті.

Шамалған ауылында дү­ниеге келген саясаткер 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы Жоғары техникалық оқу орнын бітірген. Ол экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республи­касы Ұлттық ғылым академия­сының академигі, бірқатар ұлттық және шетел университеттерінің құрметті профессоры және құр­метті докторы, сондай-ақ көп­теген ғылыми кітап пен мақала­лардың авторы.

1960 жылдан 1969 жылға дейін Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969-1979 жылдары комсомол мүшесі болып, Қарағанды облысының Теміртау қаласында, сондай-ақ осы аймақтың облыстық пар­тия комитетінде жұмыс істеді. 1979-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы болды. 1984-1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңе­сінің төрағасы қызметін атқарды. 1989-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы, 1990 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

Ол Қазақстан Республикасы құрылған сәттен бастап алғаш­қы бүкілхалықтық сайлау қоры­тындысы бойынша Президент болып сайланды. 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев айқын жеңіске жетті.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 2019 жылғы 19 наурыздағы №887 Жарлығына сәйкес Нұрсұлтан Назарбаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігі 2019 жылғы 20 наурызда тоқтатылды. Бұл шешімді ешкім күткен жоқ. Елін үшін аянбай еңбек етіп, нәтижеге жеткен Елбасының шешіміне халқы құрметпен қарады. Назарбаев жолын сенімді серіктесі, ел­дің жаңа Президенті болған Қасым-Жомарт Тоқаев мырза қабылдады.

2019 жылы 9 маусымда демократиялық сайлау кезінде Қазақстанда болдым. Сонда жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаевты сайлау учаскесінде қарсы алып, қолын алдым. Жазу­шы болғанымен, осы сайлауға халықаралық бақылаушы ретінде қатыстым. Еркін сайлаудың әділ өткенін растай аламын.

Нұрсұлтан Назарбаев – «Қазақстанның болат профилі», «Оң және солсыз», «Ресурс үнем­деу стратегиясы және нарыққа көшу», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стра­тегиясы», «Қоғамның идеялық шо­ғырлануы Қазақстан прогре­сінің шарты ретінде», «XXI ғасыр табалдырығында», «Қа­зақстан – 2030: Барлық қа­зақстандықтың өсіп-өр­кендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы», «Тарих толқынында», «Қоғамды транс­формациялау және Еуразия­лық өркениетті жаңғырту стра­тегиясы», «Әлемнің эпицентрі», «Сындарлы он жыл», «Еура­зия жүрегінде», «Қазақстан жо­лы», «Постиндустриалды қоғам­ның қалыптасу стратегиясы және өркениеттер серіктестігі», «Ғаламдық қоғамдастықты түбе­гейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» кітабының авторы. Көптеген айтулы марапаты жеткілікті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі күннің реформаторы ретінде даму жолын бетке алды. Тарих­тың қиын кезеңдерін басынан өткізген, тумысынан текті әрі көшпелі өмірді мақсат еткен ха­лықты басқарып қана қой­май, капиталистік қоғам құру жолында барын салды. Ол мем­лекеттік тұжырымдаманың негізін өзгертетін бес негізгі ре­форманы жүзеге асырды. Елін жаңашылдыққа бастаймын, реформа еңгіземін дегендерге Нұрсұлтан Әбішұлының идея­лары мен жолдаулары көмек болады. Болашақ ұрпақ үшін темірқазық болатын дүние жа­сады.

 

Флорентин СКАЛЕЦКИ,
журналист, адам құқын қорғау 
жөніндегі румын ұйымының президенті
AMOS News газеті