Үздік шахматшымен өткен ойын
Үздік шахматшымен өткен ойын
5,125
оқылды

Мәжілісте түрлі жас санаты бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы өтті. Парламент тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық парламенттік турнирге қазақстандық депутаттармен қатар, Армениядан, Қырғызстаннан, Молдовадан Парламент өкілдері қатысты.

Іс-шараны Мәжіліс Төрағасы құттықтау сөзімен ашып, жарыс­қа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Біз егемен еліміздің ең мәр­тебелі, ең ұлы мерекесі Тә­уел­сіздік күні қарсаңында Мә­жілісте халықаралық шахмат турнирін өткізіп отырмыз. Бұл енді еліміздің абыройын көтеріп жүрген даңқты спортшылармен жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға айналады. Ал алғашқы кездесудің әлемнің 4 дүркін чемпионы, халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақа­сованың қатысуымен шахматтан басталуы – ол ең алдымен осы танымдық ойын түрінің дамуына үлес қосумен қатар, өскелең ұр­паққа үлгі ете отырып, жас ұрпақ арасында, мектеп қабырғасында кеңінен насихаттауға жол аша­тыны сөзсіз. Себебі шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қа­дам жасауға үйретеді, – деді Н.Нығматулин.

Осыдан кейін Динара Сәдуа­қасовамен бір мезгілде ойын сеансы басталды. Мәжіліс Төра­ғасы атап өткендей, аталған тур­нирге шетелдік әріптес-депутат­тардың Нұр-Сұлтанға арнайы келіп қатысуы парламентаралық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Динара Сә­дуақасова 18 тақтада бір мезгілде ойын сеансын өткізді. Өз ке­зегінде Динара Сәдуақасова ме­рейлі мереке қарсаңында Мә­жіліс ұйымдастырған ауқымды шараға зор қуанышпен қатыс­қанын және оның егемендікке деген ерекше құрмет ретінде бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ Палата cпикері Динара Сәдуақасоваға елеулі еңбегі үшін Парламент Мәжілісінің атынан арнайы алғысхат табыс етті.

Ойын қорытындысында бір­неше аталым бойынша же­ңім­паздар анықталды. «Үздік ойын» аталымы бойынша Мәжі­ліс депутаттары Аманжан Жамалов, «Үздік жүріс» аталымы бойынша Владислав Косарев, «Жеңіске деген жігер» аталымы бойынша Қуаныш Сұлтанов марапатталды.

 

А.ЖАСАНҰЛЫ