Жүздесу барысында Nur Otan партиясы Казталов аудандық филиалының бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасы түсіндіріліп, аталған ауылдық округке қатысты жоспарланған жобалар талқыланды.
Бағдарламада Қошанкөл ауылдық округіне қатысты «Беспішен-Қошанкөл-Қараоба» жолының 30 шақырым жолын орташа жөндеу және 34 шақырымын күрделі жөндеу, Ордабай ауылының ауызсумен қамтамасыз ету, 2024 жылы елдімекендегі медициналық пункт пен 2025 жылға дейін Қошанкөл ауылындағы балабақша күрделі жөндеуден өткізіледі.
Сонымен қатар үміткерлер «Экономикалық тұрақты аудан» бағытындағы «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек», «Жайлы аудан» бағытында нақты жобаларды жүзеге асырады.
Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен», «Әлеуметтік бағытталған аудан» бағыты бойынша да жұмыс жүргізіледі.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы мен «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Жастарға арналған аудан» бағытындағы «Тәлімгер» жобасы, «Жас кәсіпкер», «Жасыл ел» бағдарламасы, «Тарих пен мәдениетті дамыту» бағытында «Бақытты отбасы», «Туған жер», «Жаңғырған ауыл», «Жас шаңырақ», «Қауіпсіз аудан» бағытындағы «Көше», «Жасөспірім – заң – қауіпсіздік», «Жасөспірім», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Браконьер» секілді бағдарламалар мен партиялық жобалардың маңызды екенін түсіндірді.
Сайлаушылар үміткерлерге әлеуметтік және мәдениет салалары бойынша сауалдар қойды. Депутаттыққа үміткерлер сайлаушыларды 10 қаңтар күні Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда партияны қолдауға шақырды. Кездесу санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Асылбек НӘСІПҚАЛИ
Тапсырыс беруші: Ерболат Мұратқалиұлы Бекмулдин. Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.