6 жыл алимент төлемеген ер адамға көше сыпыртқызып қойды
6 жыл алимент төлемеген ер адамға көше сыпыртқызып қойды
112
оқылды
Қарағандыда 6 жылдан астам балаларына көмектесуден бас тартқан алиментші қала көшелерін қардан тазартуға мәжбүр болды. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, 2014 жылы ажырасқаннан кейін ер адам жалақысының үштен бірін кәмелетке толмаған екі баласына ақша төлеуге міндеттелген. Алайда осы уақытқа дейін ол бірде-бір рет алимент төлемеген және 3,7 миллион теңгеге қарыз болған. Осыдан кейін ер адамның үстінен сотқа тағы арыз берілген, нәтижесінде жаңа үкім шығарылды. Енді алимент төлеуден жалтарған әке Қарағанды көшелерін тазалайды. Оған 300 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалды. Жалтарған жағдайда ер адам қамауға алынады. «Ол қаланың орталық саябағындағы қарды тазалайды. Онда «қоғамға қарызды өтеу» деген жазуы бар ашық-қызғылт кеудеше киді. Бұл жарық шағылыстырғыш кеудешелер қоғамдық жұмыстарды орындау үшін пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жоба болып табылады. Ол өткен жылдың қыркүйек айының басында облыстық ҚАЖ департаменті Қарағанды әкімдігімен және облыс прокуратурасымен бірлесіп іске қосылды», – деп толықтырды ведомствода.