Тек еліміздің солтүстік-батыс, батыс, түнде оңтүстігінде жауын жауады.
Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Батыста көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Күндіз көктайғақ болады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел секундына 17-12 метр жылдамдықпен соғады, түнде екпіні 25 м/с болады. Жамбыл, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Түнде Түркістан, Қарағанды облыстарында қатты аяз болады.Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз болады.