«Қаратереңнен күнде біреуі жараланып келеді». 30-ға жуық оқушы 8 адамға арналған көлікпен сабаққа барып жүр
«Қаратереңнен күнде біреуі жараланып келеді». 30-ға жуық оқушы 8 адамға арналған көлікпен сабаққа барып жүр
138
оқылды

«Астана» арнасының хабарлауынша, Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Тастақ елдімекеніндегі 30-ға жуық оқушы мектепке 8 адамға арналған ескі көлікпен қатынап жүр.

Телеарнаның хабарлауынша, Қызылорда облысы Арал ауданы Қаратерең ауылынан 4 шақырым жердегі Тастақ елдімекені оқушыларының мектепке қатынуы қиын. Ауыл тұрғынының айтуынша, 30-ға жуық оқушы күн сайын мектепке 8 адамға арналған ескі көлікпен қатынайды. Көліктің тарлығынан балалар түрлі дене жарақатын алатын көрінеді. Сан-саққа сабылған ата-аналар жыл сайын аудан әкімдігіне шағымданады. Алайда нақты жауап ала алмай отыр.

Қаратерең ауылының тұрғыны Ғалия Байтөрееваның айтуынша, бала-шағасының мектепке барып келу мұң. «Қазіргі кезде 8 орындық таблетка жүреді. Оған бізде 26 бала отырады, сыймайды. Менің қызымның мектеп оқып жатқанына 9 жыл болды. 9 жылдан бері аудан әкіміне, ауыл әкімі бәрі хабардар. Ешқандай нәтиже жоқ. Біреуінің басы, бірінің аяғы күнде жараланып келеді», – дейді.