Зейнетақы аударымдарына арналған шот бұғатталмайды – Ләззат Ибрагимова
Зейнетақы аударымдарына арналған шот бұғатталмайды – Ләззат Ибрагимова
103
оқылды

Бұл туралы банк басшысы Ләззат Ибрагимова Facebook-тағы парақшасында тікелей эфир кезінде айтты.

Оның айтуынша, зейнетақы жинағындағы қаражаттың бір бөлігін шешіп алу бойынша өтініш қабылдайтын онлайн-платформа 8 қаңтарда іске қосылуы тиіс. Зейнетақы жинағындағы қаражатты шешіп алатын азаматтар бірінші алатын қаржыны мұқият есептеп алуы тиіс. Өтініш қабылдау мерзімі шектеусіз. Азаматтар зейнетақы қорынан жеткілікті шектен артық қаражатты баспана алу, емделуге мерзімінен бұрын шешіп ала алады. Әр жас үшін жеткілікті шек мөлшері әртүрлі.

Зейнетақы жинағын алу тәртібі туралы бұған дейін жазған болатынбыз.