Шетелден келген қазақстандықтың коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды

Шетелден келген қазақстандықтың коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды

Қазақстанға Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсімен 1 485 жолаушы келді.

Оның ішінде ПТР тесттің теріс нәтижесі бар анықтама 1 186 адамда болған. 299-ында анықтама жоқ. Оның ішінде: – Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 482 жолаушы, анықтамамен – 311; анықтамасыз – 171; – Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 487 жолаушы, анықтамамен – 456, анықтамасыз – 31; – Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 277 жолаушы, анықтамамен – 263; анықтамасыз – 14; – Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен – 156; анықтамасыз – 83. Анықтамасыз келгендер ПТР тест тапсырды.

Ал 5 қаңтарда анықтамасыз келген 215 Қазақстан азаматының біреуінен коронавирус анықталды.