Қар аралас жаңбыр жауады
Қар аралас жаңбыр жауады
117
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін Қазақстанның оңтүстік, батыс және солтүстік-шығысында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы сақталады.

Кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Еліміздің калған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей өңірде тұман, көктайғақ, екпінді жел сақталады.

Ақмола және Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. 

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі, Жалаңашкөл аумығында жел 17-22 м/с күшейеді. 

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір аймағын тұман басуы ықтимал.