Жеңімпаз Томирис
Жеңімпаз Томирис

2-8 желтоқсан аралығында Манакор қаласында Ten-Pro Global Junior Tour турнирі өтті. Жыл сайын аталған сайысты Рафаэль Надальдың Rafa Nadal Academy теннис академиясы ұйымдастырады. Биыл Испанияда өткен жасөс­пі­рім­дер арасындағы турнирде елордалық Томирис Нұржан 1-орын алды.

Әлем жасөспірімдері бас қосқан турнирге 51 елден 275 спортшы қатысты. 10 жасқа дейінгі санатта Нұр-Сұлтан қала­сының теннисшісі топ жар­ды. Осылайша, ол қазір 10 жасқа дейінгі теннисшілер ара­сында Қазақстанның бірін­ші ракеткасы атанды.

Дәстүрлі түрде өтетін тур­нир­де 12 бала ел намысын қор­ғады. 10 жасқа дейінгі бала­лар санатында додаға Роберт Каминский, Михаил Мищен­ко, Аңсар Сангербаев және Ярослав Пшеничный, Сара Хамитова, Томирис Нұржан және Зәуреш Нұғманова қа­тыс­ты. 10 жастан асқан бала­лар санатында Маргарита Вин­ченко, Ульяна Мостовая, Аружан Нұранбай және Иван Понаморев бақ сынады.

2009 жылы туған балалар санатында қос қызымыз Сара Хамитова мен Томирис Нұр­жан финалға шықты. Томи­рис шешуші сынға дейінгі жолда Мальта, Бельгия, Маке­­дония және Швейцария өрен­дері­мен кездесті. Сара мен Томирис ара­­­сындағы ойын 6:4, 3:6, 6:3 есе­бімен Нұржанның пай­да­сы­на шешілді. Нәтиже­сінде, Томирис жеңімпаз ата­нып, Ха­митова күміс медальға ие болды.

Жалпы, Рафаэль Надаль ака­­демиясы – теннис әлемі­мен танысамын дегенге тап­тыр­­майтын мүмкіндік. Өйт­кені академияда Рафаэльге тен­нисте жетістікке жетуге кө­мектескен кәсіби мамандар жұ­мыс істейді. Сондай-ақ тен­нис пен білімді біріктірген ака­демияда жылдар бойы жинал­ған тәжірибеге негіздел­ген оқу жүйесі бар.

Осы орайда, Қазақстан Теннис федерациясы Надаль академиясымен келісімшартқа отырған. Тенниске ебі бар, талантты жасөспірімдерді білім алу үшін академияға жібе­ре­ді. Академияда білім алған­дар­дың қатарында Рос­тислав Галь­фингер, Данил Озерной және Жангер Алмашев бар.

Федерация нәтижелі жұмыс жүргізу мақсатында 2008 жылы 1 шілдеде ҚТФ президенті Бо­лат Өтемұратовтың баста­ма­­сы­мен Team Kazakhstan ака­­де­мия­сы құрылды. Осыған де­йін академияда 47-ге жуық тен­­нис­ші бағдарлама бойынша оқыды. Соның ішінде Ти­мур Ха­би­булин, Денис Евсеев, Дми­трий Попко, Го­заль Ай­ни­т­­ди­нова, Жібек Құлам­баева – Team Kazakhstan түлегі.

Байқасаңыз, жасөспірім ша­­ғы­­­нан еңбек еткендер спорт­та үл­­кен жетістікке же­те­­­­­ді. Бұл жол­­да оны қиын­дық пе­н әр­түр­лі сынақ күтіп тұ­ра­­ды. Атал­ған­­­дар­дан мойы­­май өт­кен­дер өз­ін-өзі дәлел­дей­ді. Оларды спо­рт пен қо­ғам мо­йын­­дайды. На­­даль акаде­миясы тур­­нирінде топ жар­­ғандар әлем тен­­­нисінің жұл­­­­ды­зына айналар деген үміт мол.

 

Айбике ЖАНАСЫЛ