Nur Otan партиясының ықпалымен Тараз қаласындағы тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылады. Алдағы 5 жылда 1,1 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің ауласы ретке келтіріледі. Бұл туралы Nur Otan партиясынан Тараз қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Нұрлан Әбілдаев облыс орталығындағы «Алатау» шағынауданындағы тұрғындарымен кездесу барысында хабарлады.
– Өңір тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін Nur Otan партиясы халықты сапалы ауыз сумен, жылумен қамтамасыз етеді. Көшелер мен аулалар абаттандырылып, тұрғындар үшін қолжетімді инфрақұрылым тартылады. Тараз қаласында М-1 жылу магистралін қайта жаңартылады. 2025 жылға 1,1 мыңнан астам көп қабатты үйді қамтитын 510 ауланың аумағы абаттандырылмақ. «Жасыл экономика» жобасы шеңберінде 2022 жылы жалпы қуаттылығы 133,8 МВт жаңартылатын энергия көздері бойынша тағы 4 жоба аяқталады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 3 мың облыс тұрғынының өмір сүру сапасы жақсарады, – деді кандидат.
Nur Otan партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.