Петропавл маңында оқу-жаттығу кезінде тікұшақтың қозғалтқышы істен шықты
Петропавл маңында оқу-жаттығу кезінде тікұшақтың қозғалтқышы істен шықты
Кеше, 6 қаңтарда ВO-105 тікұшағының бір қозғалтқышы істен шыққан, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. Петропавл қаласы әуежайы ауданында оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық оқиға болды. «Аэропракт» ЖШС-ға тиесілі BO-105 тіркеу нөмірлі UP-ЕС114 тікұшағының оң қозғалтқышы істен шықты. «Аэропракт» ЖШС басшылығынан алынған алдын ала мәліметтер бойынша ВО-105 UP-ЕС114 әуе кемесінің экипажы бекітілген ұшу жоспарына сәйкес ұшу тапсырмасын орындады. Петропавл қаласының әуежайынан 20 шақырымда 300 фут биіктікке көтерілгеннен кейін тікұшақтың оң қозғалтқышы өздігінен істен шыққан. Әуе кемесінің командирі Петропавл қаласының әуежайында әуеден таңдалған алаңда мәжбүрлі түрде қонуға шешім қабылдады. Мәжбүрлі қонуды орындау алдында экипаж «Қазаэронавигация» РМК ӘҚҚ диспетчеріне қозғалтқыштың істен шығуы туралы баяндады. Тікұшақтың қонуы 13:38-де сәтті орындалды. Зардап шеккендер жоқ. Авиациялық оқиға кезінде әуе кемесінің бортында ұшқыш-нұсқаушы және әуе кемесінің командирі болған. ИИДМ авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасының қызметкерлері осы оқиғаны тексеруге кірісті.