Үміткер құрметті азаматтың шаңырағына барды
Үміткер құрметті азаматтың шаңырағына барды
152
оқылды

Үгіт-насихат кезеңінде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына кандидаттар белсенді түрде канвассинг өткізуде. Әдетте, олар қоғамда беделге ие үлкен жастағы адамдарға сайлау бағдарламасын жеке түсіндіруге келеді.

Бұл жолы да солай болды. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Анжела Жоламанова сайлау алдындағы үгіт барысында ауданның құрметті азаматы Валентина Яковлеваға барды. Валентина Яковлевна педагогикалық қоғамдастықтың өкілі ғана емес – ол өткен уақыттағы белсенді саясаткер және қазіргі кездегі ауыл белсендісі. Сонымен қатар Вагулино ауылының тұрғыны өз ауылдық округінің ардагерлер кеңесін басқарады, ал бұл ұйым ауыл тұрғындарының өмірі туралы бәрін біледі. Және оның жасы оған әсер етпеді. Валентина Яковлевна болып жатқан өзгерістерден тыс қалғысы келмейді, әсіресе олар елдің өміріне қатысты болғандықтан, ол сайлау күні өзінің сайлау учаскесінде Елбасы партиясының сенімді өкілі болады. Анжела Қабдолқызы маңызды тарихи оқиға қарсаңында ауыл тұрғындарының көңіл-күйін сұрады. Валентина Яковлевнаны партияның алдағы бес жылдағы жұмысының жеті бағытымен таныстырды. Сондай-ақ Вагулино мен оған жақын орналасқан ауыл тұрғындарының кезігетін қиындықтары туралы сұрады. Өз кезегінде Валентина Яковлевна тарихқа тоқталып, партия мен оның көшбасшысының көпжылдық жұмысының арқасында мүмкін болған қоғамдағы өзгерістер туралы айтты. – Ауданда үлкен жұмыс атқарылды. Соңғы екі жылдың ішінде ол да облыс сияқты өзгерді. Ауылда ауыз су барлық тілек білдірушілердің үйлеріне жеткізілді, жолдарға жөндеу жүргізілді. Бірақ алда жұмыс әлі аз емес: ішкі жолдар мен ауылдарға кіреберіс жолдарды жасау керек. Әр адамды абаттандыру мәселесі толғандырады, – дейді Валентина Яковлевна. – Басқа ауылдарда да солай болғанын қалар едім. Алайда, мемлекеттен бірдеңе талап етпес бұрын «Айналамдағы өмір жақсы болуы үшін мен не істедім?» деген сұрақты өзіңізге қою керек. Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Анжела Жоламанова В.Яковлеваға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдіріп, Nur Otan партиясы қол жеткізген жетістіктерімен тоқтамайтынын және халық игілігі үшін одан әрі де табысты жұмыс істейтініне сендірді.

Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді.