Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр
Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр
5,115
оқылды
7 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кеше, яғни 6 қаңтарда Атырау облысы «қызыл» аймақта болған еді. Бүгінгі мәлімет бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақтан «сарыға» өтті. «Сары» аймақта Атырау облысымен қатар Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары тұр. Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр.