Балалар — ғажайыптар әлемінде
Балалар — ғажайыптар әлемінде
180
оқылды

«Балдәурен» балабақшасы ғажайыптар маусымын бастады.

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.


Жаңа жыл – әлем халықтарына ортақ қолданылып жүрген күнтізбе бойынша жылдың бастауы. Тарихшылар мен этнографтар бұл мейрамды қашан, қай халық ең бірінші тойлады деген сауалға түрлі тұжырымдар мен жорамалдар ұсынады. Кейбір деректерге сүйенсек, бұл күн түркілерден бастау алған көрінеді. Екінші бір деректерде біздің заманымызға дейінгі ежелгі Месопатамияда қалыптасқаны айтылады. Ал тарихи басылымдарда бұл күнді жасыл шыршамен қарсы алуды 1700 жылы қаңтардың бірі күні І Петрдің енгізгенімен байланыстырады.

Жаңа жылдың ең басты атрибуты – шырша. Елімізде Жаңа жылды тойлаудың өзіндік дәстүрі қалыптасқан. Жылдағы әдет бойынша еліміздің бас шыршасы 1 желтоқсан күні Мемлекет басшысының қатысуымен жағылады. Мерекелік шара жаңа жылдың символы Аяз ата мен Ақшақар қатысқан түрлі ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен театрландырылған қойылыммен өтеді

Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» РОСО халықаралық, республикалық, облыстық сайыстар мен фестивальдардың лауреаттары мен дипломанттары, жас әншілер, бишілер, халық әндерін орындаушылар, ақындар, оқу озаттары, шығармашылық ұжымдарды 16 ауысымға жинап, демалушы балалар арасында бір-бірімен шығармашылық идеялар, зияткерлік білімдерімен алмасу, үйлесімдік пен ұлтымыздың рухани мұрасына деген мақтаныш сезімін өнер саласы арқылы қалыптастыруды мақсат етуде. Ауысымға кең-байтақ өлкеміздің Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер жиналған. 2019 жылдың соңғы ауысымы балалар бойында Қазақстандық патриотизм, өз елі үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, зияткерлік әлеуетін дамыту, шығармашылықтарын, өзін-өзі жетілдіруі үшін жағдай жасау, табысқа жету уәждемесін қалыптастыру, мерекелік атмосфера құру арқылы сауықтыру, демалыс және бос уақыттарын ұтымды пайдалануға қажетті жағдай жасау, жалпы мәдениет пен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыруды көздеуде.

Ауысым бойы балдәурендіктер түрлі шығармашылық байқауларға қатысып өз өнерлері мен дарынды қабілеттерін шыңдайды, патриоттық бағытта ұйымдастырылған шараларға қатысып азаматшылдығын, отансүйгіштігін, жақындарына деген махаббат пен жанындағы адамдарға құрметпен қарауды қалыптастырады. Жаңа жыл мерекесі алдында балалар бойларындағы көркем шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін жетілдіреді. Оқу бағдарламасынан тыс қызығушылық үйірмелері арқылы танымдық және жобалау қабілеттерін жетілдіріп, әлеуметтік белсенділіктері артып, шығармашылық, зияткерлік қасиеттерін шыңдайды.

Болашақта балдәурендіктер осы ауысым бойы шығармашылық қабілеттерін шыңдап, әрі қарай өз мектептерінде түрлі сайыстарда, конкурстарда жоғары деңгейде нәтиже көрсетіп, биіктерден көрінетіндігіне сенімдіміз.

Айғаным Байтасова, «Балдәурен» РОСО әдіскері, Қапшағай қаласы